ҚР Білім және ғылым министрлігі қайырымдылық саласындағы жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, мектеп білімінің онлайн режиміне өтуіне байланысты Қазақстан оқушыларын қажетті техникамен қамтамасыз етуге бағытталған «Oqýshyny qolda» акциясын бастады.
Қашықтан білім беру кезеңіне көшу уақытында балаларды үйден оқыту процесіне қажетті компьютер, ноутбук немесе планшет барлық отбасыларда бола бермейді. Осыған байланысты, жобаның мақсаты қажетті техниканы алу үшін қоғам және бизнес өкілдерін тарта отырып, әрбір оқушының мектепте оқуын жалғастыруға мүмкіндік жасау.
Жиналған қаражатқа оқушылардың мақсатты пайдалануы үшін нақты мектептің балансына берілетін қажетті техника сатып алынады.
Білім және ғылым министрлігімен бірлесе Қазақстан мектептеріне мониторинг жүргізіп, оқушылардың тегін техника алу кезегін анықтау кезеңінде ескерілетін өлшемталаптарды айқындадық. Бірінші кезекте көмек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларына көрсетілетін болады. Сонымен қатар, ауыл мектептеріндегі оқыту факторы да назарға алынады.
Осы жұмыстардың нәтижесінде шұғыл қажеттіліктер тізімі жасалды. Бұл тізімді бизнес өкілдері және қайырымды жандардың көмегімен толтырамыз деп үміттенеміз.
Аталған санаттағы оқушыларды техникамен қамтамасыз еткеннен кейін, көмекке мұқтаж өзге де балалардың санаттарына кезек келеді.
Жеке тұлға
Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, кез келген соманы «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің шотына аудара аласыз. Сіздің аударымыңыз туралы ақпарат сайтта көрсетіледі. Ал оқушыларға қажетті техника сатып алынады.
Мен көмектескім келеді!Заңды тұлға
Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, кез келген қайырымдылық сомасын төменде берілген деректемелер бойынша аудара аласыз. Аударымыңыз туралы ақпарат сайтта көрсетіледі. Ал сіз аударған қаржыға техника сатып алынады.
Мен көмектескім келеді!Вендорлар
Арнайы жеңілдікпен бізге сатсаңыз, шексіз алғыс білдіреміз.
Еріктілерді іздейміз
Егер сіз республикалық ауқымдағы «Oqỳshyny qolda» жобасы барысында мектеп оқушыларына көмектескіңіз келсе, бірақ жабдық сатып алуға қаражат бере алмасаңыз, жобаның еріктісі ретінде логистикалық қолдау мен қатысушылардың арасындағы байланыстарға көмектесуіңізге болады.
Логистикалық компаниялар үшін
Сондай-ақ, біз мектеп оқушыларына құрал-жабдықтарды жеткізуге көмектесуге дайын логистикалық компанияларды іздеудеміз.
Ақпараттық қолдау
«Oqýshyny qolda» акциясына кез-келген ақпараттық қолдау көрсетушілерге ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің көмектерініңіздің арқасында көптеген оқушылар мектептегі оқуларын жалғастыра алатын болады.
Сіз кез келген мөлшерде қайырымдылық жасай аласыз
Егер сіз заңды тұлға болсаңыз, кез келген қайырымдылық сомасын келесі деректемелерге аудара аласыз:
«Менiң Атамекенiм» қоғамдық бірлестігі
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5.
БСН 180540015308
ЖСК KZ846018821000225901
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ БСК HSBKKZKX Кбе18
Төлемнің міндеті – «Oqýshyny qolda» акциясы бойынша қайырымдылық көмек
Техниканың өнім
берушісін іздейміз
Егер сіз қажетті техниканы (компьютерлер, ноутбуктер, планшеттер) сатумен айналысатын вендор болсаңыз, сізге техника ұсынғаныңыз үшін алғыс айтамыз.
Серіктес болЕріктілерді
іздейміз
Егер сіз республикалық ауқымдағы «Oqỳshyny qolda» жобасы барысында мектеп оқушыларына көмектескіңіз келсе, бірақ жабдық сатып алуға қаражат бере алмасаңыз, жобаның еріктісі ретінде логистикалық қолдау мен қатысушылардың арасындағы байланыстарға көмектесуіңізге болады.
Серіктес болАқпараттық қолдау
«Oqýshyny qolda» акциясы бойынша ақпараттық қолдау көрсетушілерге ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің көмектеріңіздің арқасында көптеген оқушылар мектептегі оқуларын жалғастыра алатын болады.
Серіктес бол
Біз мектеп бітірген түлектерді өз мектептеріне қолдау көрсетуге шақырамыз! Іздеу жүйесін қолдана отырып, сіз өзіңіз білім алған мектепте қанша бала техникаға мұқтаж екенін анықтай аласыз.
Сіз өз мектебіңізге жеке өзіңіз немесе сыныптастарыңызбен бірлесіп көмектесе аласыз. Бұл көмегіңіз мұғалімдердің берген білімі үшін айтқан ең жақсы Алғыс болады!